Көлік иелеріне маңызды ескерту. Салықты төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Уақытында төлем жасамаған жағдайда айыппұл арқалайсыз. Биыл аталған салаға қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енді.


 Атап айтқанда, қозғалтқыш көлемі 3 литр және одан жоғары автокөліктерге салынатын салық мөлшері қайта қаралды. Бұған дейін қозғалтқыш көлемі 3000-4000 текше сантиметр аралығындағы көліктерге 35-тен 66 айлық есептік көрсеткішке дейін салық салынса, енді бұл мөлшер 15 АЕК-ке дейін төмендетілді. Сондай-ақ көлемі 4 литр және одан жоғары көлік иелері бұрын 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін салық төлеп келген. Енді жаңа тәртіп бойынша бұл санаттағы көліктер үшін салық көлемі, шамамен 460 мың теңгені құрайды.


 СЕРЖАН ЖЕЛДОБАЙ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Есептелген салық туралы ақпараттарды арнайы мобильді қосымша арқылы білуге болады. Осы жылдың 2 сәуірінен бастап уақытылы төлем жүргізбеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жолданады. Оны елемеген жағдайда әр күніне өсімпұл алынады.