Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінде «Жаңару күніне» орай ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті.
Іс-шара қоршаған ортаны сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, сондай-ақ табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру және атмосфераны оттегімен байыту мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында әскери бөлім аумағында ондаған жас ағаш отырғызылып, олар әскери қалашықтың біртұтас жасыл аймағының бір бөлігіне айналады. Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Қуаныш Айдынғалиев мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті: — Наурыз — тек мереке ғана емес, болашаққа үлес қосатын кезең. Бүгін отырғызылған ағаштар жаңарудың және табиғатқа деген қамқорлықтың символына айналады. Біз, әскери қызметшілер, елді қорғаумен қатар, қоршаған ортаны көркейтуге де әрдайым дайынбыз, — деді ол. Айта кету керек, бүгінгі таңда әскери бөлімнің жеке құрамы 100-ден астам ағаш отырғызып, оларды тұрақты түрде күтіп-баптауда.