Шымкенттік полиция қызметкерлері заңсыз вейп сатумен айналысқан азаматты ұстады. Polisia.kz-тің хабарлауынша, профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болған.


 Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген. Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді