Жаңа Конституция елдің тұрақты, қауіпсіз және орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады. Ата заң қоғам мүддесін толық қамтуы үшін барлық азаматтар талқылау процесіне белсенді қатысты. Нәтижесінде көптің қалауымен елімізде жаңа Конституция жобасы мақұлданды. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі отырысы еліміздегі саяси шараға арналды.
Жиында мемлекет басшысы бастамасымен еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция саяси, құқықтық және қоғамдық дамудың жаңа бағыттарын айқындап отыр. Жаңа Конституция елдің тұрақты, қауіпсіз және орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.
ҮРАЛХАН СЕЙІЛБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазақстанның жаңа Конституциясында адами капиталды дамыту, ғылым, білім және инновация салалары бойынша мемлекеттік стратегиялық басым бағыттар ретінде айқындалды. Ең алдымен отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білімін нығайту барлығы бір-біріне тығыз байланысты екені бәрімізге анық.
Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына әсері әңгімеге арқау болды. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
ЛӘЗЗАТ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Конституцияны өзім қолдап дауыс бердім. Біздің мектепте орналасқан референдум учаскесінде жұмыс істедім. Көңілімді қуантқаны дауыс берушілердің белсенділігі. Өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершіліктерін көрсете білді.
Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді. Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз екені ерекше аталды.