Бүгін елімізде «Жаңару күні» атап өтілуде. Осыған орай Шымкентте 300 түп көшет егілді. Еңбекші ауданы әкімдігі мен «Байтақ» партиясының өкілдері сенбілік ұйымдастырып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты.
Іс-шараға құрылыс компаниясы демеушілік жасады. 100-ден аса ерікті атсалысып, 300 түп ағаш отырғызды. Белсенділер игі істі жалғастырып, тағы 700 көшет егуді жоспарлап отыр. Бауыржан Құлжанов бұл экологиялық бастама басқа да кәсіпкерлерге үлгі болып, эстафета ретінде жалғаса берсе екен дейді.
БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, BLIKE ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
– «Осы игі ісімізді басқа да құрылыс компаниялары, мердігерлер жалғастырса екен деген ниетте «100 ағаш» атты акциямызды бастасақ деген едік.» «Шырша, қара ағаш және терек егіп жатырмыз. Ертең тағы 300-400 ағаш егіледі.»
АЛТАЙ ОРДАБЕКОВ, BAYTAQ ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
– «15 наурызда қабылданған ата заңда екі жаңа бап қосылған.» «Әр азаматтың борышы қоршаған ортаны қорғау. Жергілікті тұрғындар алдағы уақытта осы ағаштарға қамқорлық танытса екен дейміз.»
Еріктілер ерекше белсенділік танытты. Жүзден аса жас қолына күрек ұстап, көшет екті. Аумақты арамшөптен тазартты. Коммуналдық қызметкерлер де тиянақты жұмыс істеп, жаяу жүргіншілер жолағын сыпырды.
БАУЫРЖАН КАМИЛ, СТУДЕНТ
– «Барлық қала осылай көгеріп, әдемі болып тұрса игі. Таза ауа адам денсаулығына да пайдалы.»
АЙЫМ ӘБДІМҮТӘЛБАЙ, СТУДЕНТ
– «Бізге келетін шетелдік азаматтар да қазақтың жері қандай тамаша, абат екен деп таңғалса екен деймін.»
МАДИЖАН ОРДАБЕК, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Жаңару күнінде көптеген ағаш егіп, «Таза Қазақстан» акциясын жалғастырып жатырмыз.» «Одан бөлек те түрлі іс-шараларды өткізіп жатырмыз. Қайырымдылық акциясы. Аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созу.»
Игі істі аудан тұрғындары да қолдап отыр. Алдағы уақытта егілген ағаштарға күтім жасап, қамқорлық танытуға ниетті.