Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге ақпараттық акция өткізді. Түркістандық полицейлер мен белсенділер қала тұрғындарын интернет-алаяқтық пен нашақорлықтан қорғау мақсатында 300-ден аса жадынама таратты.
Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтың түрлері мен сақтану жолдары, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтан қорғану жолдары жөнінде кеңес берді. Еріктілер ақпараттық буклеттер таратып, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.