VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді. Биыл қыркүйек айына жоспарланған жарысқа Шымкенттен де спортшылар қатысады.
Ойындардың ерекшелігі — ашылу және жабылу салтанаты 51 мың көрерменге арналған «Бішкек Арена» стадионында ұйымдастырылады. Ал негізгі спорттық және мәдени іс-шаралар тиісті инфрақұрылымы бар Ыстықкөл өңірінде жалғасады. Шымкенттік спортшылар ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында бақ сынайды.
ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Асық ату (2 спортшы);Тенге ілу (1 спортшы);Қазақ күресі (2 спортшы);Тоғызқұмалақ (3 спортшы);Аударыспақ (1 спортшы);Көк бөрі (2 спортшы);Көкпар (1 спортшы);Дәстүрлі садақ ату (2 спортшы). Анықтама: 2024 жылы Астана қаласында өткен 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 18 спортшы қорғап, нәтижесінде спортшыларымыз ел қоржынына 7 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған болатын.Биыл да осындай нәтижені қайтайлаймыз ба деп отырмыз.