Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 50 азамат баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Баспана кезекте тұрған және «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Толығырақ тілшіміз баяндайды.


 Иә, бүгін мұнда көптен күткен сәт. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа баспананың кілті табысталып жатыр. Бұл – бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жандар үшін жаңа өмірдің бастамасы.


 Бұл жолы 50 азамат жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Бозарық шағынауданынан берілді. Баспана әртүрлі санаттағы тұрғындарға, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен көпбалалы отбасыларға ұсынылды.


Жалпы, жыл басынан бері қалада 600-ден астам азамат баспанамен қамтылды. Бұл – тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, дейді тұрғындар.