Қазақстанда соңғы бес айда алаяқтар дропперлер арқылы азаматтардан жымқырылған шамамен 400 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бас прокуратураның мәліметінше, банк шоттарын заңсыз пайдалануға бергені немесе өзгенің мүддесі үшін ақша аударымдарын жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жеті колледж студенті 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Олар банк шоттарын ашып, оған қолжетімділікті алаяқтарға берген. Сол шоттар арқылы азаматтардан, оның ішінде зейнеткерлерден жымқырылған 4 миллион теңгеден астам қаржы өткізілген. Дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізілгелі бері елде 700-ден астам қылмыстық іс тіркелді. 216 дроппер жауапқа тартылып, оның 202-сі сот үкімімен кінәлі деп танылды.