Ертең, яғни 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл еліміз үшін маңызды саяси қадам. Ата Заң мәтінінің 84 пайызы жаңартылып, жалпы 77 бапқа өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Орталық референдум комиссиясы жұмысының ресми қорытындысы бойынша, жалпыұлттық референдумда дауыс берушілердің 89%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды жақтап дауыс берген.
Жаңа Ата заңдағы негізгі өзгерістің бірі – бір палаталы Парламентке, яғни Құрылтайға көшу болмақ. Оның депутаттары партиялық тізім бойынша сайланады. Сондай-ақ жаңа жүйеде алғаш рет Вице-Президент лауазымы болады. Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Бұл орган заң жобаларын ұсынып, бастамалар көтереді. Ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтілді. Бұл құқық қорғау жүйесінің институционалдық негізін нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Конституция күні енді жыл сайын 15 наурызда ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ 1 ШІЛДЕДЕ РЕСМИ ТҮРДЕ КҮШІНЕ ЕНЕДІ