Елімізде жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Өткен аптада Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.
Алайда сарапшылар бұл жүйені қазіргі форматта іске асыру тиімсіз екенін айтады. Себебі, әлемдік тәжірибеде автолизинг пайызсыз жүзеге асады. Тұтынушы көлікті белгілі бір мерзімге жалға алып, сол уақыт аралығында автокөліктің нарықтық құнсыздану айырмасын ғана төлейді. Мерзім аяқталғаннан кейін клиент көлікті компанияға қайтарады немесе жаңа көлікке лизинг рәсімдей алады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жүйе тұтынушыларға, өндірушілер мен сатушыларға бірдей тиімді. Ал елдегі бұл бағдарлама кәдімгі автонесиеге ұқсағандықтан, халық тарапынан сұраныс та аз болуы мүмкін,-дейді мамандар.