Биыл Қазақстанда жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына 3 мың запастағы әскери міндетті шақырылады. Бір айға созылатын жиынға азаматтар жергілікті әскери басқару органдары арқылы іріктеледі.


Іріктеу кезінде әскери міндеттілердің әскери мамандығы, денсаулық жағдайы және заңнамада белгіленген талаптар ескеріледі. Қатысу үшін азаматтарға арнайы шақырту жолданады. Белгіленген мерзімде келмегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жаттығу барысында қатысушылар азық-түлікпен, киім-кешекпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жол шығынын Қорғаныс министрлігі өтейді. Сондай-ақ жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады, ал жұмыссыздарға бюджет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.