Еріктілік – еріккеннің ісі емес. Шымкентте қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген 25 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олар игі бастамалардың ұйытқысы ғана емес, ел басына күн туған сәтте алдыңғы қатардан табылатын сенімді күш. Бүгінде бұл ұйымдардың қатарында 12 мыңға жуық ерікті бар.
Еліміздің батыс өңірін су басқан кезде де шымкенттік еріктілер шет қалмады. Олар күн-түн демей халықтан гуманитарлық көмек жинап, зардап шеккен аймақтарға алғашқы болып жөнелтті. Еріктілердің жұмысы мұнымен шектелмейді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағынан 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосылды. Сонымен қатар волонтерлер нашақорлықтың алдын алу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Еш ақысыз, бірақ үлкен жауапкершілікпен атқарылатын бұл еңбек – қоғамға деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.
ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ ДИРЕКТОРЫ
«Асыл мұра» , «Қамқорлық» жобаларына 7 мыңға жуық ерікті қатысты. Жыл басынан бері тазалық бағытында 48 іс-шарамыз өтті. Жалпылама іс-шараларға 22 мыңға жуық жас атсалысты.
ЕРІКТІЛІК – ЕРІККЕННІҢ ІСІ ЕМЕС