Қазақстан азаматының паспорты жаңа дизайнмен шығарылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Алайда қолданыстағы төлқұжаттарды жаппай ауыстыру талап етілмейді.


Ведомствоның мәліметінше, қазіргі төлқұжаттар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін заңды күшінде қала береді. Жаңа үлгідегі паспорттың нақты қашан қолданысқа енгізілетіні әзірге белгісіз. Сондай-ақ құжаттың дизайны мен эскиздері де әлі жарияланған жоқ. Айта кетейік, төлқұжатты рәсімдеу немесе ауыстыру құны оның бет саны мен өтініш берушінің жасына байланысты белгіленеді. Ересектер үшін 36 беттік паспорттың мемлекеттік бажы – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балалар үшін төлқұжат рәсімдеу құны – 17 300 теңге.