Жаңа Конституция – елдің орнықты дамуының берік құқықтық негізі. Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты арнайы конференция өткізді. Басқосуда Ата заңның маңызы мен Конституциялық Соттың оның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі жан-жақты талқыланды.
Конференцияға қатысушылар жаңа Конституцияның құқықтық жүйені дамытудағы және конституциялық мемлекеттілікті нығайтудағы рөлін талқылады. Басқосуда заң алдында баршаның теңдігі, сот төрелігінің қолжетімділігі, заңнаманы жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, цифрлық құқықтарды дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру және құқықтық ақпараттың қолжетімділігін кеңейту бағытындағы өзекті мәселелер сөз болды.