Жаңа Конституцияның күшіне енуі қоғамда заң үстемдігін нығайтып, адал бизнес ортасын қалыптастыруға жол ашады. Осыған орай Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.


Жиында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Департамент өкілдері құқықбұзушылықтың салдарымен күресуден бұрын, оның алдын алуға басымдық берілетінін айтты.


ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты-жалпы заңның үстемдегі, құқықтың орындалуы.Салық заңнамасының орындалуы.Жалпы құқықбұзушылықтың алдын-алу превентивті іс-шараларының маңыздылығы.Мемлекеттің жалпы драйвері ретінде кәсіпкерлердің салықтан жалтару тәуекелдерін түсіндіру.


Кездесу барысында адал кәсіпкерлікті қолдау, көлеңкелі экономикамен күресті күшейту және салық заңнамасын сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Ашық пікір алмасу алаңында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтып, жауапты сала өкілдері көтерілген сауалдарға жауап берді.