Шымкентте автокөлік жөндеу бокстарының бірінен өрт шықты. Қызыл жалын Тұран ауданындағы Исаханов көшесінде орналасқан нысанда шарпыған.


Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сегіз бокстың төртеуі түгел отқа оранғанын айтады. Жалынның жалпы аумағы 119 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтау кезінде құтқарушылар қайғының алдын-алып, 50 лиртлік оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Жедел әрекет еткен мамандар жарылыстың жолын кесіп, өртті толық сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір төтеншеліктер тілсіз жаудың шығу себебін анықтап жатыр.