Қазақстанның теміржол саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Қазір ел аумағында жаңа бағыттар ашылып, қолданыстағы желілер жаңғыртылып жатыр. Бұл жоба көлік инфрақұрылымын арттырып, өңірлер арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған.


Бүгінде елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар биыл 3 мың шақырымнан астам жолды жаңарту жоспарланған. Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бұл жұмыстар жүк тасымалының тиімділігін көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ, бұл жылы елде тағы бірнеше маңызды жоба аяқталмақ. Олардың қатарында «Мойынты – Қызылжар» мен «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желілері бар.


НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ
Сонымен бірге бірқатар жаңа жобаға кірісіп жатырмыз, оның ішінде Астана – Қарағанды бағытында үшінші жолдарды және Арыс – Қазалы учаскесінде екінші жолдарды салу бар. Және Қызылжар – Шұбаркөл – Есіл және Индербор – Мақат бағыттарын жаңғырту жоспарланған. Қосымша Индербор – Орал және Қарағанды – Қарағайлы жобаларына дайындық жұмыстарға кірісіп жатырмыз