Несие алушылар үшін маңызды жаңалық. Қазақстан қарыз беру талаптарын жаппай қатаңдату жоспарынан бас тартты. Ұлттық банк бұрын қарастырылған кейбір шектеулерді қолданыстан алып тастады.


Енді қарыз алушының жылдық табысына қатысты жаңа коэффициент енгізілмейді. Яғни азаматтың жалпы қарызы оның жылдық кірісінің сегіз есесінен аспау туралы талап күшіне енбейді. Сондай-ақ төлемдерді кешіктірген тұрғындар үшін қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған қосымша шектеулер де алынып тасталды. Дегенмен бұл өзгерістер ипотекалық несиеге қатысты емес. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй қарызы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленеді. Егер азамат үй құнының 30 пайызынан астамын алдын ала төлесе, ең жоғары мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде болады. Ал бастапқы жарна көлемі төмен болған жағдайда шекті көрсеткіш 25 пайызға дейін жетеді.