Банктерге берешек көбейді. Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесінің көлемі 1 триллион теңгеге жетті. Енді қарыз уақытында өтелмесе, өндіріп алу ісіне коллекторлық агенттіктер де тартылмақ.
Ал берешегін реттеуге ниетті азаматтар үшін жаңа мүмкіндік пайда болды. Бұрын бірнеше банкке қарызы бар адам әр қаржы ұйымының табалдырығын тоздырып, құжаттарды жинақтап, жеке-жеке өткізетін. Енді бұл рәсімді бір ғана онлайн өтініммен аяқтауға болады. Finkelisim.kz платформасына жіберілген өтініш барлық кредиторға автоматты түрде жолданады. Дегенмен, бұл қызметтің де өз шарттары бар. Платформаны кемінде екі банкке қарызы бар адамдар ғана пайдалана алады. Сонымен қатар, несие бойынша төлемнің кешіктірілгеніне 90 күннен асуы қажет. Ал берешек көлемі 7 миллион теңгеге дейін болған жағдайда ғана онлайн өтінім қабылданады. Одан төмен қарызы бар азаматтар мәселені бұрынғыдай банк бөлімшесіне барып шешеді.