Жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысы мен қазіргі заман талаптарына сай әзірленген. Құжатта ел дамуының басым бағыттары айқындалып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге баса мән берілген.  Қала тұрғындарының пікірінше, бұл құжат Қазақстанның демократиялық дамуын нығайтып, қоғам мен мемлекеттің өркендеуіне жол ашады.


Заңға ауқымды өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұрын билік жүйесі екі палаталы болса, енді оны құрылтай деген атауға ауыстырмақ, вице Президент деген ұғым енгізіліп жатыр. Бұл жаңа Қазақстан құрудағы үлкен қадам деп ойлаймын.

Конституцияның заңына сай, нормативтік актілер айқындалған. Оның бәрі де адамдардың өміріне, құқығына қатысты өзгерісті айқындау үшін. Жалпы, бұл халықпен санасып жасалған заң деп санаймын.

Қазір жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Экономика да қарыштап дамып келеді. Халықтың әл-уақытын көтеруге септігін тигізіп жатса, ол-жақсы нәрсе. Қолдаймыз.