Шарасыздық шырмауына түсіп, шырылдаған Жазира 26-сында тірі жетімдердерін жетектеп қалды. Безбүйрек әке қос ұлдың жанарын жаутаңдатып, жаны ашымастан далада қалдырған. Көптен бері құрбысының үйін паналайды. Қонақ - үш күндік. Алдымен, құт, сосын жұт екенін Жазира жақсы біледі. Сол себепті, көзі қарақты көлпар көрерменнен көмек күтеді.

Бір кем дүние. Біреуге бала - арман, ал, біреу қолда бар бақытының бағасын білмейді. Нәтижесінде, тағдырдың теперішін титтейінен көріп жүрген бүлдіршіндер көзі  балалық бақытқа емес, тұңғиық мұңға толы.

Сәбиін бақытты ету - бұл ананың да арманы. Тек, осындай қиындықта қолдау көрсетер жары, тіпті, бір жақыны жоқ. Сондықтан, өңіріміздің жомарт  жандары қол ұшын созып, өмір керуеніне ілессем, - дейді. Қайырымдылық  жасағысы келетіндер 87718970290  нөміріне немесе редакциямызға хабарласа алады. 

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда әкелік парызын өткеруден жалтарған  еркектердің қарасы жарты миллионға жуықтады. Бала бағу қиындығына төтеп бере алмастан, қаншама ана бауыр еті баласын балалар үйіне тапсыруда. Көненің көзі болғандар «жақсы Заңың болғанша, жақсы ғұрпың болсын!» деген. Қос ұлдың ана бауырында өсуіне ат салысайық!

Айжан Әшірхан