Айтулы жобаның тәрбиелік мәні де орасан. Үлкенге құрмет көрсету - қазақ халқының ар-ождан ісінде биік тұрған. Сондықтан да түркістандықтар жыл сайын соғыс ардагерлері үшін қаржылай көмек жинап, қариялардың көңілін бір марқайтады.
Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі
Өткен жылдары дәл осы акция аясында түскен қаражатқа ардагерлер Ресей жеріне барып, майдандастарының бейітіне зиярат еткен. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен қариялардың үйлеріне жөндеу жүргізілген. Жалпы, тағылымдық жобада жомарттық танытушылар басым.
Жыл санап қатары сиреп бара жатқан соғыс ардагерлері қашанда жоғары құрметке ие. Жеңіс туын желбіретіп, азаттық таңын атырғандарға деген ықылас толастамақ емес. Дәстүрлі акцияның көздегені де сол, атаны сыйлап, бата алу.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы