ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша әйелдерге құқықтық кеңес беріп, психологиялық көмек көрсететін орталық санын арттыру қажет. Бұл бағыттағы пәрменді жұмыстар зорлық-зомбылық фактілерін азайтуға тегеурінді әсер етеді.
Кездесу барасында пилоттық жобаның мән-мақсаты түсіндірілді. Жоба аясында атқарылатын іс-шаралар мен күтілетін негізгі нәтижелер сөз болды. ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Мақсат Ысқақов аудан тұрғындарымен кездесуінде осы мәселе бойынша толық мағлұмат берді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық осыған дейін әкімшілік жауапкершілік ретінде қаралған. Жаңа заң бойынша қылмыс деп танылады. Зорлық көрсеткен адам 30 күнге қамалып, айыппұл төлейді. Кейбірі қоғамдық жұмысқа тартылады. Осындай қатаң шаралар отбасын ойран ететіндерге тосқауыл болатынына сенім мол.
САТТАР Есімбеков