Қойнауынан құт дарыған, шатқалынан шаттығы тасыған Созақ өңірі - ырыс пен ынтымақтың қайнар бұлағы. Халқы еңбексүйгіш, жері құнарлы мекен, бүгінде өндіріс орындары өркендеп, агроөнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған аудан ретінде танылып келеді.
Асқар Мыңжасар – ҚР Мәдениет қайраткері
Басқа аудандардан біздің ауданның ерекшелігі: мал басынан алынатын өнімдерді арттыруда алдыңғы қатарда... Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптер дамып келеді. Ауданның келбеті бүгінде басқаша өзгерді.
Білім бұлағы сақталған орталықта жастарға берері мол тағылымды іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Бүгінгі жиынның мақсаты - жас оқырманды Сырлы Созақ өңірінің сырымен таныстырып, күй елінің жырынан сыр шерту.
Гүлзира Сыралиева – Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың тарихи-өлкетану бөлімінің меңгерушісі
Жалпы биыл аудандардың мерей тойын өткзіу жоспарланған. Міне Созақтың 90 жылдығы, Қазығұрттың 90 жылдығы, алда Бәйдібек, Түлкібас аудандарының мерей тойлары бар. Мұндағы мақсат, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, жерді, елді сүйуге шақыру..
Әсерлі кеште бас қосқан қаламгерлер теріскейдің тағылымды тарихына терең үңілді. Аласапыран заманда халықтың баз кешіп, жерін тастап, босып кетпегені... осы жердің қасиет-киесі жоғары екенін аңғартады. Созақтың 90 жылдығын атап өту шарасы мұнымен толастамайды. Ауданның жоспарлаған ауқымды шаралары алда.
А.Бидан