ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ – ТІЛШІ

Бұл дуадақтың «джек» деп аталатын түрі. Олар негізінен Орта Азияның шөлейтті аймақтарын мекендейді. Сондай-ақ еліміздің Оңтүстігінің табиғатына да тез бой үйретеді. Сауд Арабиясындағы арнайы тұқымбақта өсірілген құстардың бір легі бүгін еркіндікке жіберілді.

Құстардың барлығының аяғында сақина бар. Онда  дуадақтардың қай тұқымбақта өсірілгені, табиғатқа қашан жіберілгені секілді деректер жинақталған. Бұл олардың тіршілік ету ортасы туралы мәлімет жинақтауға және соның негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

НҰРЛАН ӘБДІРАМАНОВ  - ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Біздің мақсат - браконьерлерді құрықтап, жазалау емес, бастысы ондай тағылыққа мүлдем жол бермеу. Мамандардың қырағылығы арқасында табиғаттағы дуадақтар саны жыл санап өсіп келеді. Бастапқыда небәрі 30-40 пайызы түзге бой үйретіп,  тіршілік етіп кететін. Бүгінде  құстардың 60-70 пайызы тірі қалады және бейімделген ортасына қайта оралып жүр.

Саны азайып кеткен құсты қолдан көбейту Қазақстан мен Араб Әмірлігінің бірлескен жобасы. Соңғы он жылдың ішінде  табиғатқа 11 мың-нан астам дуадақ  ұшырылған.

СӘКЕН ДІЛДАХАН - ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Жыл сайынғы санақ нәтижесі бойынша «Қызыл кітаптың» өз категориялары бар. Аса қауіпті, орташа қауіпті дейді. Біз екі мыңыншы жылдардан бері мұның көрсеткіші орташа қауіпті деңгейге жетті. Яғни болашақта «Қызыл кітаптан» шығып қалуы да мүмкін. 

Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында салынған арнайы тұқымбақта қазір үш мыңға тарта керім құс тіршілік етеді. Олар жылда екі мыңға тарта балапан басып шығады. Мұндай тұқымбақ тағы Марокко мен Сауд Арабиясында да бар. Осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде табиғаттағы дуадақтардың саны 50 есеге көбейіп отыр.

ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ