Анимациялық мультфильмдер – Жапонияда балаларға салт-дәстүрді, өзара қарым-қатынас эстетикасын,  АҚШ-та математика, география, физика пәндерінің негіздерін үйрететін идеялогиялық құрал. Ал, ұлттық мультипликация өнерінің жай-күйі қандай?Жас көрермен назарына қандай туындалар жол тартпақ?Бұл жөнінде «САҚ» киностудия мамандарынан сұрап білсек...

       Анимациялық фильмдер түсіруден көш басындағы бұл ұжым«Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшылар», «Қазақ елі», «Қажымұқан» сынды мультфильмдермен танымал. 15 жыл ішінде «кішкентай көрерменге» 50-ден аса мультфильм тарту еткен ұжыммен теңесер аниматорлар жоқтың қасы. Шығармашылық ұжымда бүгінде қызу жұмыс, қауырт шаруа. Себебі, жыл соңында 20 минуттық «Киелі Қазығұрт», және 25 минуттық «Отырарды қорғау»мультфильмдерін көрермен назарына ұсынбақ.

БЕГІМЖАН БАЙМҰРАТОВ – БАС СУРЕТШІ

  • Биыл құдай қаласа заказ алып жатырмыз. «Отырарды қорғау» мен «Киелі Қазығұрт». Сценарий жазып, персонаждарын дайындап, соны фильмге жүргізуге дайындап жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейінбітіруге тырысамыз экранға шығаруға.

       Тарихи орындардың сырына үңілтетін мультфильмдер жас буынның танымын арттыруды көздейді. 3D,2D форматындағы бір анимацияны дайындаудың өзі оңайға соқпайды. Сценарист, суретші, аниматор, музыкант, режиссер тізе қосып тер төккенде ғана сапалы дүние шықпақ.

АЗАМАТ ЕРНАЗАРОВ – ҚОЮШЫ СУРЕТШІ

  • Анимация ол әшейін сурет салу ғана емес, суреттерді қимылдата білу. Әшейін қимылдату емес, оны дұрыс қимылдата білу. Ол суретшілерге ауыр тиеді. Он шақты суретші келсе, оның біреуінің ғана қолынан келіп жатады.Ол өте қиын жұмыс.

       Батыстың құбыжықтары «сұлулық символына» айналып,аюдың мазасын алатын Машадан бас көтермейтін бүлдіршіндер үшін, персонаждың эмоциясы маңызды. Мультфильм дайындаудың майталмандары бұл тұрғыда да тиянақты іс жүргізуде.

РУСЛАН ШЫНЫҚҰЛОВ – ДЫБЫС РЕЖИССЕРІ

  • Қанша килограмм салмақты ашуланып жатқанын білдіруіміз керек. Түрімен қанша ашуланып тұрса да білмейміз. Музыка оның жүрегін береді. Мысалы, бір адам жылап тұруы мүмкін. Музыкамен 2-3 түрлі беруге болады. Қуаныштан жылап жатқанын немесе намыспен жылап тұрғанын музыкамен береміз.

       Миллиондап қаралым жинайтын анимациялық фильмдердің авторлары бұл жолы да талайды таңдандырмақ ниетте.

Д.Мырзақадір