Мұхит Бекетұлы бұған дейін осы департамент басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарушы қызметттерін атқарған. Ол 1973 жылы 2 тамызда Алматы қаласында туылған. Бірақ орта мектепті Шымкентте тәмәмдап, жоғары білімін алғашқұқықтану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кейін қаржыгер мамандығын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде оқып бітіреді. Еңбек жолын 1996жылы «Атакент» кеденінің контрабандамен күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы міндетінен бастаған. Кейін сот саласымен және әділет департаменттерінде түрлі қызметтерді атқарды. Енді жаңадан құрылған Түркістан облыстық әділет департаментінің басшысы қызметіне кірісті.
М. ЖАРЫЛҚАСЫН