Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Ұлылар мекеніндегі сапарын Отырар музейінен бастады. Онда халық қалаулысы ескі дүниелерді тамашалау мен қатар мұражайдағы соңғы технологиялардың да тиімділігін көрді.
Ал, аға буын мен жастардың және билік өкілдерінің басы қосылған жиында мәні терең мақала сөз болды. Мәжілісмен шығармаға әсіресе жастар жағы көп көңіл бөліп қаруы керек екенін ескертті. Тіпті Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» - атты, мақаласын жай шығарма деп емес «үндеу» -деп, қабылдау керектігін айтты.
Қуаныш Сұлтанов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Президенттің айтып отырғаны жас ұрпаққа үндеу. Жас ұрпақты соған назар аударту Біздің аталарымыз солай болған деп мақтанып жүріп біз аттан түсіп қалмайық деп ескерту.
Бүгінде Отырарда тарихи орындарды қайта қалпына келтіру үшін, Отырар төбе маңында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Депутат аталған істі оң бағалады. Өйткені, Отырар қазақ тарихының тамыры.
Қуаныш Сұлтанов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Отырар, қазақ тарихының, қазақ білдарлығының, қазақбатырлығының шежіресі. Өйткені әлімізде әр қазақ, әрбір саналы қазақ осы Отырарға бір келіп кетсем деп армандайды. Солай деп олардың көкіректерінде сайрап жатады.
Отырарға арнайы келіп жастардың жанына жігер берген қайраткерге аудан әкімі арнайы тарту жасады. Үнемі Отырардың тарихы жайлы сөз қозғайтын жанға «Отырар жәдігерлері» альбомын сыйға берді.
Тарихы терең аймақта соңғы уақытта кәсіпкерлік саласы да өркендеп келеді. Әсіресе ет, сүт шаруашылығы қарқынды дамуда. Түйе сүтін қайта өңдеуден аудан өңірде көш бастап тұр. Аймаққа жасаған сапары кезінде мәжіліс депутаты «ОтырарСүт-Ет» өндірістік кооперативінде болдып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.Аталған кәсіпорын қазірТүйе сүтін соңына дейін өңдеп, сатып отырған бірден бір кооператив.
М.Жарылқасын