Арман адастырмайды. Ерте ме, кеш пе, сізбен серік. Талапшыл Нұржамал тұрмысқа шығып, ана атанса да, бала қиялынан күдер үзген емес. Жастығында жаны сүйген хоббиін негізгі кәсібі ету үшін аянып қалмады. Бүгін де сол ізбен жүріп, былғарыдан жасалған бұйымдар жасайды.
Нұржамал Миржибаева – Дизайнер, «Оңтүстік былғары» шеберханасының басшысы
Қызығушылым мектеп жасымда-ақ қалыптасқан. Дизайн саласында оқытушы болып, сабақ бердім. Кейіннен осындай кәсіппен айналысу – ойыма келіп, кәсіпкерлерді қолдау басқармасына бардым. Құптады.
Былғарыдан бұйым жасайтын кәсіби шеберхана өңірімізде бұрын-соңды болмаған. Сондықтан да қолөнер шеберлерінің назары бірден Нұржамалдың ісіне ауды. Үшінші мүшелге аяқ басқан ару// әр түрлі стильдегі сөмкелер мен әмияндарды тігеді. Небір аксессуарларға әдемілік береді.
Нұржамал Миржибаева – Дизайнер, «Оңтүстік былғары» шеберханасының басшысы
Жасап жатқан дүниелерім тұтынушылар ойынан шықса деймін. Болашаққа жоспар көп. Кәсіпті жандандыру үшін – шетелге де экспорттағым келеді. Бұдан басқа, балалар киімін тігумен де айналысқым келеді.
«Адалдық бар жерде амал да түзу болмақ. Ең бастысы, ниетті аздырмау керек»,-деген Нұржамал сүйікті ісіне ешқашан селқос қарамаған. Бір қолымен бесік тербетіп, екіншісімен кәсіп өрбіткен жас келіншек бұл істе 5 адамның арманына жол ашты.
Айзат Бауыржанқызы