Мырзабек Өтегенов осы цехтағы ең білікті маман.Жас жігіт 4 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Екі баланың әкесі торшығарудың қыр-сырын әбден меңгерген. Айына 120 мың теңгеге дейін жалақы алады.Сүйікті кәсібі болғандықтан жұмысқа ерте келіп, кеш қайтады. Өйткені, жұмысшылардың барлығына білгенін үйретіп, білмегенін түсіндіру Мырзабекке жүктелген.
Мырзабек Өтегенов – жұмысшы
Жұмысым жақсы, өзіме ұнайды. Айлығы да жақсы уақытындаберіп тұрады. Менің жұмыс істейтін станогым шарнирлы сетке, рулонды торшығарады. Мысалы мен күніне 20 сетка шығарамын. Көлеміне қарай төлейді.
Ал Еркебай Жыңғылбаев тор өндірісін өркендетіп отырған осы цехтың директоры. Жас кәсіпкер 4 жылдан бері осы кәсіппен айналысады. Бұған дейін шағын ғана цех ашып, сол жерде жұмыс істеген. Түркістан- облыс орталығы болып, құрылыс қарқыны үдей түскен соң, индустриялды аймақтан жер алып, үлкен цех ашқан. Қазір мұнда шарнирлы тор, сылақ пен қалау үшіндәнекерленген тор және үлкен аумақты қоршауға арналған тордың 4 түрі шығарылыпжатыр.
Мысалы мына шарнирлы тор тек Алматы қаласы менТүркістандағы осы цехта ғана дайындалады. «Отандық өнімге сұраныста көп» -дейді кәсіпкер. Еліміздің өзге қалаларынан бөлек, көршілес мемлекеттерден де тапсырыс күн санап артуда. Мәселен, былтыр өндірілген 280 тонна өнімнің 30тоннасын Бішкекке жөнелтіпті. Еркебайдың ендігі арманы - үкіметтің қолдауына ие болып, грантқа ілігу. Кәсібін кеңейтіп, өнім көлемін ұлғайту.
Еркебай Жыңғылбаев -кәсіпкер
Үкімет жасаймын деп тұрған баланың жұмысына қарап, ісіне қарап субцидия, грант берсе, жақсы көлемде. Өйткені,шарнирлы торды еліміз бойынша тек Алматы ғана шығарып жатыр. Сосын біз ғана шығарып жатырмыз. Екеуімізде үлгере алмай жатырмыз. Гранттарға іліксек, біз тағы да дамысақ, тағы да станоктар алсақ.
Кәсіпорын жылына 112 млн теңгенің өнімін өндіруге қауқарлы. Жобаның құны 150 млн теңге. Қазір мұнда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт алдағы мамыр айында толық іске қосылғанда жұмысшылар санын 15-ке жетеді.
М. Жарылқасын