Аталмыш шара барысында алдымен, аналар Жолдауда айтылған басымдықтарға жіті мән берді. Ширекғасырлық тәуелсіздік ел болып қалыптасып, дамудың дара жолына түсуге мүмкіндік берді. 

Қоғамдық ұйым тарапынан берілген мәліметке жүгінсек, соңғы уақытта ажырасу деректері көбейген. Бұл ұйым 400 жұпты бастапқы райынан қайтарған.  Бабаның қаны, ананың жасымен келген тәуелсіздік біз үшін қымбат. Сол құндылықты жастарға ұғындыруды аналар өзіне парыз санайды.

Салт-дәстүрді дәріптеп, тәуелсіздіктің тұғырлы болуына да  қосқан үлесі қомақты. Осы орайда «Ақ орамал» акциясын айтуға болады. Бұл бастаманың негізінде қасиетті ата дәстүрді дәріптеп, елді ынтымаққа, бірлікке шақыру жатыр.  Мұнымен қоса, ұйым жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында  Рамазан айында тағылымды кештер ұйымдастырған. Ал, мұндай шаралардың ұзын ырғасы 900-ге жуықтайды.  

ГҮЛМИРА Оңласбек