Ана қуанышы - әр үйдің, отбасының, мерейі. Әлемдегі бар жақсылық аналардан тарайды. Бұл салтанатта да бұрымдыларға арналған тілек – ниеттер толастамады. Облысқа танымал өнер саңлақтары аяулы жандарды мерекелерімен құттықтап, сахнада қалықтады.

Думанға толы концерт, құшақ-құшақ гүл шоқтары,  ізгі тілектер мен ақ ниеттер бәрі әйелдер үшін. Сан-саланың майталманы атанған нәзік жандылар бұл кеште өзін ханшайымдай  сезінгенді. Депутат Жандарбек Сыздықов бұл әлем әйелдермен ғажайып екендігін екшеп, аналарға құрмет көрсетті.

Әйелдер  шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі. Бүгінде нәзік жандылар қоғамның барлық саласында белсенді. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық міндетін қаперден шығармайды. Заман ағымына қарай іс атқарып, жоғары кәсібиліктің өрнегін салған аналарымыз бұл мерекеден ерекше әсер алды.

CАТТАР Есімбеков