Есімхан алаңында есте қаларлықтай кеш болды. Себебі концерт барысында әнші көптің көңілінен шыққан әндерін орындады. Тіпті халықпен байланыс орнатып, кейбір әндерін елмен бірге қосыла шырқады. Сонымен қатар цирк өнерінің әртістері таңқаларлық қойылымдарымен таңдай қақтырса, жайдарманшылар әншінің кешін әзілмен әрледі.
Рита Қожабекова – Кентау қаласының тұрғыны
Жақсы іс-шара өтіп жатыр. Түркістан халқына арнап Ғазизхан Шекербеков бауырымыз жанды дауыспен шығармашылық кешін өткізуде. Азаматтар осындай көңіл күйде демалғанынына өте қуаныштымыз. Ғазизхан Шекербеков бауырымыздың өнері өркендей берсін. Әндерінің бәрі тамаша. Өзі жазған әндері бүгін орындалып жатыр. Барлық халқымызға амандық, бақыт тілеймін.
О.Қасымбеков