Айкуне - көне түркі тілінен аударғанда - «Айт» және «Күнә» қателігіңді түзе деген мағынаны береді. Яғни адамның өз ағзасымен жұмыс істеу арқылы көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Жаттығулар кейбір бұлшықеттер мен омыртқаға ғана әсер етіп қоймай, аурудың қай жерде екенін анықтайды. Қолданыстағы мыңнан астам тәсілді жинақтап, «Айкүне» деп аталатын жаттығу түрін ойлап тапқан Абай Баймағамбетовке «Ресейдің ең үздік шипагері» деген атақ берілген.
Абай Баймағамбетов «Айкуне» қазақ гимнастикасының авторы
«Айкуне» деген сөз ай мен күн нің қосындысынан алынған. Ай шуақ шашша, күн жылулық береді. Сондықтан деніміздің саулығы басты орында. Білетіндеріңіздей біздің омыртқа жоталарымыз барлық қызметті атқарады. Біз сабақтарымызда денемізді дұрыс қалыптастырып қана қоймай,омыртқа аурулары мен омыртқа арасындағы жарық , остеохондроз , кеуде, бел, құйымшақ аудандарымен терең жұмыс істейміз.сонымен қатар бұл жаттығулар есту, көру, тыныс алу мүшелерін жақсартады.
Айкуненің әрбір жаттығуы қазақ руларының таңбасына ұқсас және сол рудың атымен аталады. Бабаларымыздың мәдениетімен, түрік даналылығының таратушысы дегенге саяды . Мұнда екі мыңнан астам тірек қимыл түрлері бар. Мәдениетіміздегі атқа отыру, малдас құруының өзі талай ауруға ем екенін растайды.
Гүлзия Қарақұлова «Айкуне» қазақ гимнастикасы сауықтыру орталығының нұсқаушысы
Қазір қоғамның бір мәселесі әрекетсіздік. Қимыл қозғалыстың жоқтығы. Омыртқа ауруларының көбеюі белең алып келе жатыр. Бұл шын мәнінде омыртқаның түзелуіне өте көп ықпал жасайды. Омыртқа қисайған кезде өзге органдар орнынан қозғалады. Осы жаттығулар арқылы омыртқа және нерв жүйелерін түзетіп, барлық проблемаларды қалпына келтіреді.
Гимнастика барысында алынған білім мен дағды адамды сыртқы агрессияға икемдейді. Тұлғаны белгілі нысанға жеткізіп, денсаулылығы мен өміріне, қоғамға жауапты етеді.
Жазира Қалмырзаева ем алушы
Ем өте керемет. Алғашқыдан өзімді жеңіл сезінемін. Көбінесе бас ауру омыртқа, аяқ жол, жүрек істемей қала береді. Әзір жақсы
Мұнда емделушілер өзін-өзі сауықтыру әдісін қолдана отырып, салауатты өмір салтымен жүруді місе тұтады. Қазіргі уақытта Ресей, Европа , Америка Қазақстанда Айкүне ізбасарлары 10 000 асады.
Ұ.Нұрмахан