Кенеге қарсы күрес бойынша ауданда жүйелі жұмыс кестесі  бекітілді. Ауылдардағы қора-қопсыларға жоспарға сәйкес, көктем, жаз, күзде бір  реттік тексерулер ұйымдастырылды. Тиісті жерлерге кенеден жұғатын ауру түрлері жазылған парақшалар ілінген. Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда, былтырғы жұмыс та қарқынды жүргізіліп, дәрілеу кезенінен кейін улы жәндіктің көзі жойылған.

 Кәмілжан Әбдіәзімов – Ақсуабат ауылының тұрғыны

Құдай қаласа, малдың дені сау болса, ол тамақты жақсы жейді, оның ешқандай ауру сырқауы болмайды. Мына мал дәрігерлерге рахмет, жағдай болып қалса, звандап шақырамыз, тез келіп, малды емдеп береді. соның арқасында мына мал бағып, жан бағып отырмыз. Рахмет.

Мамандар биыл 270 мың ірі қара мен 83 мың ұсақ малды залалсыздандырмақ. Сондай-ақ, 4 миллион 360 мың шаршы метр қора-жай мен 3 миллион 600 мың буферлік аймақты дәрілемек. Қазір жоспардың 70 пайызы аяқталған.

Әділбек Тасқараев – Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі  МКК маманы

Мемлекеттен 2 тонна 95 кг дәрі бөлінді. Барлық дәрілер жеткілікті. Олар мынау кенеге қарсы дәрілер. Егер сол малда кене болмаса, омен айналысатын адамдарда да кене болмайды. Сондай-ақ, мынау теміреткеге қарсы дәрілер егіп жатырмыз.

 Мамандар залалсыздандыру жұмыстарына жылдағыдан кеш кірісті. Оның негізгі себебі ауа райының қолайсыздығы. Дегенмен, өткен жылдарға қарағанда жұмыс қарқынды. Қазір экзотикалық жұмыстарға 130 адам, 16 автокөлік пен 1 трактор жұмылдырылған.

Бекжан Кәлімжанов – Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі  МКК басшысы

«Керолин» және «Дуплекс» ұнтағы жеткізілді. Ірі қара малды бүрку 270 мыңға жетті, ұсақ малдарды тоғыту 83 мың, қора жайларды залалсыздандыру 4 миллионнан асты. Жоспарға сай жұмыстар аяқталады деп күтіп отырмыз.

Сайрамдықтардың негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан, қорадағы төрт түліктің сау болуы қажет.Сондықтан қазір тұрғындар залалсыздандыру жұмыстарына өздері де көмектесіп жатыр.

П.Биназарқызы