№4-ші облыстық перинаталдық орталығы жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге көмек көрсетеді. Соңғы 3 жылда 10 акушер-гинеколог шет елде біліктілігін арттырған. Мұнда мереке күні 9 ұл, 6 қыз дүние есігін ашқан. Түстік өңірдің демографиялық өсіміне үлес қосқан жандарға облыстық бас дәрігері гүл шоқтарын ұсынды. Мерекелерімен құттықтады.

Жансая Мырзабаева 24 жасында ана атанғанды. Мерекеде өмірге ұл алып келген жас ана сәбиіне Айсұлтан деп ат қойыпты. Толғақ кезіндегі қиындықтың бәрін ұмытқан. Енді екі жылдан соң, отағасына қыз сыйлағысы келеді.

Айта кетейік, өңірімізде жыл сайын 80 мың сәби туылады екен. Бала туу көрсеткіші бойынша, 1- орынды алатын аймақта мүгедек нәрестелердің санын азайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ана мен бала өлімін төмендету шін биыл Шымкент және Сарыағаш қалаларында перинаталдық орталық салынбақ. Аналарды құттықтай келген Мұқан Егізбаев осындай жаңалығымен бөлісті.

CАТТАР Есімбеков