Бақытты балалық шақтың аспаны. Мұндағы әсерлі көрініс,  осы сөздердің айғағы. Батпырауық ұстаған балғындардың қуанышында шек жоқ.  Түрлі жануармен құстардың бейнесін  аспанға қалықтатып, өздерін ерекше бақытты сезінді. Батпырауықтар фестивалі, «Облыс тарихы» атты кереуін шеруі  аясында ұйымдастырылған. 

Бақытжан Ешенқұлов – Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры

Мақсат, ауданнан келген оқушылар Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл меркесін тойлау, Түркістан тарихын терең түсіну.

 Үлгілі тәртібімен оқу жылын үздік тәмәмдаған оқушылар өңірдің тарихи жерлері мен танысты. Көне жәдігерлерді көріп, танымдық көкжиегін кеңейтіп келеді.  

 Самал Али –Шардара ауданы   №12 жалпы орта мектебінің оқушысы

Біз бірінші күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бардық, Үкаш ата, Сауран қалашығына бардық. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан мен өз өлкемнің тарихи жерлерін көптеп білгім келеді.

5 күнге жоспарланған керуен-шеруінде балалар фотоэтюд, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап сайыстарына қатысады. Жеңімпаз атанғандар диплом,  арнайы сыйлықтармен марапатталады.

А. Бидан