Байқаудың мақсаты жанұядағы – ата-ене, келін, қайынсіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты қазақ келінінің орны ерекше екендігін ұғындыру. Болашақ келін мен ананың сыйын арттыру.
Байқауда аудан, қалалардан келген жас келіндер бақ сынады. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. 1-кезең бесік жырын орындауға арналды.
Гүлмира Жанысбекова – Облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары
Іс-шара 2 жыл қатарынан өтіп отыр. Іс-шараға 14 қатысушы қатысып отыр. 10 қатысушы ауданнан келген. Шараның басты мақсаты ұмытылып бара жатқан бесік жырын жаңғырту. Бауыржан Момышұлының өзі айтып кеткен: «-3 нәрседен қорқамын деген. Соның ішінде осы бесік жырын айтпайтын аналардан». Сондықтан бесік жырын әр ана біліп, тал бесіктен балаларын тәрбиелесе ұрпағымыз саналы болып өседі деп ойлаймын
Кейінгі кезеңде үміткерлерге отбасы, ошақ қасына қатысты сұрақтар қойылды. Үміткерлер өнер жағынан да сыналды.
Жас келіндер байқауында қазығұрттық Гаухар Қалмаханованың бағы жанды. Бас жүлдеге осы керімсал келіншек лайық деп танылды. 1-орын ұлылар мекені – Отырардан келген Айгүл Алтынбековада. Ал, Раушан Ерлібекова 2-орынға табан тіресе, Айнур Өтебаева 3-орынды қанағат тұтты. Алтынай Мұсағалиева болса, өнерімен өзгені мойындатты. Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын. Ерекше ілтипат осы ақ жаулықтыға көрсетілді.
МАДИНА Әсембек