Шара барысында партия ұжымы медицина өкілдерімен бірге ардагерлердің шаңырақтарын аралап, медициналық тексеруден өткізді. Ел  қорғаған батыр ақсақалдардың қал-жағдайын сұрап, белсенді топ өкілдері үй шаруасына жардемдесті.

Қалыйма Жантөреева - «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Айта кетейік,  Түркістан облысында 60  Отан соғысы ардагері болса, оның 9509-ы тыл ардагерлері. Бүгінде қасиетті шаһарда соғыстан  мүгедек болып  оралған 5 ардагер, тылда еңбек еткен 5 және 1 ауған соғысына қатысқан азамат бар. Акция аясында жастар  ардагерларге  құрмет білдіріп,  батасын алды.

Әбжаппар Дайрабайұлы -   соғыс ардагері

 Дәрігерлердің айтуынша  ардагерлердің әзірге жағдайы бірқалыпты.  Майдан даласында кеудесін оққа тосқан отандастарымыз жастарға тәуелсіз елдің тұғырын биік ұстау үшін  аянбай еңбек етуге үндеді. Жас ұрпақты өткенді ұмытпай, ел патриоты болуға шақырды.  

М.ӘСЕМБЕК