Орыс драма театр ұжымы 90-шы жаңа маусымын ашты. Аталмыш театр         биылғы еңбек жылын  Француз драматургы Бомаршенің «Фигароның үйлену тойы» шығармасымен ашуды шешкен екен.  Қойылым желісі бойынша Альмавив графтың әзілкеш сайқымазағы - Фигаро, графиня Розинаның қызметшісі - Сюзаннаға үйленгісі келеді. Алайда граф ол екеуінің үйленуіне кедергі болып,  Сюзаннаны  өзінің сүйіктісі еткісі келеді.

ИГОРЬ ВЕРБИЦКИЙ – Театр көркемдік жетекшісі

  • Қойылымда біздің барлық актер, толық ұжым өнер көрсететін болады. Спектакль өте көңілді, қызықты. Зал да көрермендерге лық толы. Бұл біздің басты жетістігіміз. Біз қала тұрғындары үшін, қала қонақтары үшін еңбек етеміз. Олардың ой біз үшін өте маңызды. Қойылым ұнайды деп сенеміз.

АЛЬФИЯ ЗАКИЕВА – Шымкент қаласының тұрғыны

Драма театрдың 90 маусымы ашылғанына мен өте қуаныштымын. Біз құрбым екеуміз театрға жиі келеміз. Қалмаймыз десек те болады. Бізге ол ғажап көңіл-күй сыйлайды. Бұл театр ұжымы өте шебер актерлар. Мұнда келген әрбір адам өзіне өмірлік ой түйіп қайтатыны анық.

 Театр маусымы - тұтас біздің өмірімізді көрсетеді. Осы қойылым соның дәлелі десек еш қателеспейміз. Ең ұлы өнердің бірі де осы сала. Алдағы уақытта да орыс драма театры үшінші мегаполис тұрғындарын ғажап әрі қызықты қойылымдарымен қуанта бермек.  

Әлішер Әлімжан