Осы тапшылықтың алдын алу үшін Арыс – Түркістан каналының 60 шақырымы бетондалып жатыр. Мамандардың айтуынша аталған каналды бетондау арқылы жылына 60 млн текшеметр суды үнемдеуге болады. Бұл қажетті судың үштен бірі. Сол үшін республикалық бюджеттен 14 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Аталған қаражаттың 1,4 млрд теңгесі су арнасының Түркістан қаласы аумағындағы 5 шақырымын абаттандыруға жұмсалады. Яғни, келешекте канал маңы көпшілік сейіл құратын керемет орынға айналады. Каналдың қос қапталына вело және жаяу жүргіншілер жолдары салынып, жарықтандырылады. Айтып өтейік, аталған су арнасы арқылы 70 мың гектар жер  суарылады. Келешекте сол алқаптарға автоматты құрылғылар орнатылып, су барынша үнемдеп босатылатын болады.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН