Үкімет басшысының орынбасары өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты.  Мұнда құрылыс жұмыстарына 115 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы техника тартылды. Жұмыс 2 ауысымда жүргізілуде. Аталған жаңа терминалдың құрылысы осы жылдың қазан айында аяқтау көзделген. Вице-премьер одан әрі тоқтап тұрған бұрынғы «Меланж» АҚ-ның тоқыма фабрикасының және бұрынғы «Ютекс» АҚ тігін фабрикасын іске қайта қосу барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 21 маусымда Ташкент қаласында қол қойылған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастыққа сәйкес,  көршілес мемлекетпен бірлескен тоқыма кластерін құру мәселесін қарастыру қажеттігі жайлы келісімге қол қойылған болатын. Осының аясында Шымкент қаласында орналасқан меншік құқығындағы қорға тиесілі тоқыма фабрикаларын басқару жөніндегі жол картасын әзірледі. Оны орындау барысында «ALLIANCE» сауда-өндіріс компаниясы» ЖШС-і бірлескен кәсіпорны құрылды. Жол картасының 1-ші кезеңінде 7 жыл бойы тоқтап тұрған «ALLIANCE» сауда-өндіріс компаниясы» ЖШС-сі жіп иіру фабрикасы іске қосылып, онда 120 адам жұмыспен қамтылды.

Әнуар Омарқожаев – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша жол картасының жүзеге асырылуы, тоқыма кәсіпорындарының қайта іске қосылуы үшінші мегаполис  үшін өте маңызды. Бүгінде әкімдік тарапынан өндірісті іске қосуға және кәсіпкерлікке мейлінше қолдау көрсетіліп, инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.  Аталған фабрикаларды іске қосу Шымкентте тоқыма кластерін қалпына келтіру болып табылады. Бұл өз кезегінде Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің 2 есеге өсуін қамтамасыз етіп,  800 адам жұмыспен қамтылатын болады.  

 П.Биназарқызы