Халықтың мәселесі «AMANAT» назарында. Саяси ұйымның Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі Қаратау ауданына арнайы барды. Жұртшылықтың мәселесін тыңдап, мобильді қоғамдық қабылдау өткізді.


Қайтпас-1 шағынауданының тұрғыны Бақдәулет Спатаевтың коммуналдық қызметкерлерге өкпесі қара қазандай. Оның айтуынша, Қызылқайың көшесінде тұрмыстық қатты қалдықтар уақтылы алынбайды және көше шамдары қыркүйек айынан бері жұмыс істемейді. Шағынаудан тұрғыны тиісті мекемелерден нақты шешім болмағандықтан, партияның қоғамдық қабылдауына келген. Мобильді қоғамдық қабылдауда сұрағына бірден жауап алды.


 БАҚДӘУЛЕТ СПАТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Шағымданбаған мекемеміз қалмады. Барлық жерге бардық. Соңында «AMANAT» партиясына келдік. Біздің мәселе — сол свет, мусор.


 ЕРҒАЛИ БЕКТАЕВ, ҚАРАТАУ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Ағымдағы болып тұратын мәселелер ғой бұл. Свет жүргізген мердігер бар, біз соған шағымды жеткіземіз. Орындатамыз ғой оны.


 Көшпелі қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік жағдай, коммуналдық қызмет сапасы және жұмыспен қамту сынды мәселелерді көтерді. Әрбір азаматтың өтініші жеке тыңдалып, заң аясында толық түсіндірме берілді.


 ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз қазір осыны партияның шеңберінде мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Мобильді қабылдауда заң қызметкерлері бар, құқықтық көмек беріп жатыр. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді.


 Аталған партиялық жобаның тиімділігі жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері Шымкент қаласында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 23 мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған. Нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың өтініші тіркеліпті. Бұл жоба аясында азаматтар өз мәселелерін тікелей жеткізіп, уақтылы жауап пен нақты қолдау алу мүмкіндігіне ие болып отыр.