Бүгін Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы мен чемпионаты басталды. Еліміздің 19 өңірінен келген 400-ден астам спортшы Азия чемпионатына жолдама алу үшін шеберлік байқасады. Әсемдік пен әдемілікті ұштастырған спорттық сайыс 18 қазанға дейін жалғасады.


«Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, командалар сап түзеді. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Чемпионатқа еліміздің үздік спортшылары қатысып жатыр.


ӘЛИЯ ЮСУПОВА, ҚАЗАҚСТАН ГИМНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

19 өңірден келген 400 спортшы қатысып жатыр. Бұл — биылғы жылдың соңғы ірі жарысы. Келер жылы Азия чемпионаты өтеді, сондықтан бұл — іріктеу кезеңі. Қыздардың дайындығын, физикалық формасын бағалап жатырмыз. 


Спортшылар топтық және жеке бағдарламада сойыл, доп, лента және шеңбермен өнер көрсетеді. Сайысқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысуда.


ДАРИҒА МҰҚАШЕВА, СПОРТШЫ

Біз Атырау қаласынан келдік. Бұл – Атыраудың бірінші командасы. Бүгін лента бағдарламасын орындадық, ертең тағы да сайысқа түсеміз. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.


Чемпионат төрт күнге созылады. Жарыс жеңімпаздары Азия чемпионатына жолдама алады.