Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тартуға басымдық берілген. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен кездесіп, өңірде жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.


Кездесуде Түркістан облысында жаңа кәсіпорын ашу және өзге де жобаларды жандандыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Айта кетейік, облысқа жыл басынан бері 783 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп. Инвестиция құрылымында негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі. Биыл 335 млрд теңгеге 57 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ал 8 айда 21 жоба іске қосылып, 3 457 жаңа жұмыс орны ашылған