Шымкенттіктер таза ағаштан шегесіз үйлер салып жатыр. Ол азаматтарға ара терапиясын қабылдау үшін қажет. Мұнда демалушылар бал ұясының ерекше иісін сезінеді. Жәндіктердің ызыңы мен табиғи энергиясы адамға тыныштық сыйлап, жүйкесін тынықтырады, иммунитетін көтереді. Сондай-ақ, шаруалар ара тұқымдарын көбейтіп, олардың өнімділігін арттыруда. Табиғат иелерінің ауруға төзімділігін күшейту бағытында ғылыми ізденіс жанданған.
Омарташылар өнім өндірумен шектелмей, зертхана ашып, селекциялық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Арнайы дайындықтан өткен мамандар ара ұясынан алынған балдың сапасын қатаң тексереді.
МҰХТАР НУРИДДИНОВ, ТЕХНОЛОГ
Кремование деген бочка бар. Ол жерде балға ештеңке қосылмайды. Медтың сортын жоғарылатады. Бал керек болса 10-15 жылға дейін осы қалыпта тұрады. Дүкеннен алған бал өзінің реңін бұза бастайды. Ал бұл ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Мен осы жерде 20 жылдан бері жұмыс істеймін. Өзіме жұмысым ұнайды. Тауда жүресің, бауда жүресің.
Мұнда денсаулықты жақсартуға арналған жобалар да жетерлік. Табиғат аясында ағаштан жасалған шағын үйшіктер салынған. Келушілер тынығып қана қоймай, бал өнімдерін қолданып, ем қабылдайды. Ара терапиясы деп аталатын әдіс әлемде кең таралған. Оның басты ерекшелігі – адам ағзасын табиғи жолмен сауықтыруға көмектеседі.
РОЗА ЖҰМАҚЫЛЫШҚЫЗЫ, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл үйде біз мына жерге кереуеттерді қоямыз. Соның астына прополистерді жайғастырамыз. Азаматтар соның үстінде жатып, араның ызыңын естіп, соның табиғи дауысымен өзінің қуатын алады. Аралар дем алған кезде ауаға өзінің табиғи бөліністерін шығарады. Адамдар сол ауаны жұту арқылы ем қабылдайды. Шет елдерде апитерапиямен емделетін адамдар өте көп. Бізде ол жоқ десек те болады. Бұл жерде ревматизмге, ісік ауруларына да емі бар. Бұл жерде ұзақ уақыт ем алуы керек. 2 жастан бастап, қарияларға дейін қабылдаймыз. Бұл жерде 2 сағатқа дейін жатуы керек. Емдеудің 1 курсы 10 күнге дейін жалғасады.
Осылайша омарташылар экотуризмді дамытуға үлес қосып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары мұнда келіп, таза өнімнен дәм татып қана қоймай, табиғатта сергіп қайтады. Балды өндірумен қатар, оны ғылыми тұрғыда жетілдіру бағытында да жұмыстар жалғасады.