Үйі жоқтың - күйі жоқ. Бұл сөздің мағынасы қазір бұрынғыдан да өткір. Шарықтаған бағаны көрген жұрттың шақшадай басы шарадай. Бірі жылдап ақша жинап, «тиыннан теңге құрап», қаржысын есептейді. Енді бірі банктердің табалдырығын тоздырып, тиімді несие іздейді. Бірақ бастапқы жарна мен ай сайынғы төлем көпшіліктің қалтасын көтермей тұр.
- Мен өзім де осы жасқа келіп, әлі үйлі бола алмай келе жатырмын. Арендада өмір сүріп жүрмін, өйткені баға қолжетпейді. Қазірдің өзінде қымбат, ертең тағы көтерілсе, өмір бойы үйсіз қаламыз ба деп қорқамын. Бұл дұрыс емес, бағаны түсіру керек.
- Процентін азайтса, жастар үйлі болар еді. Себебі бастапқы жарна — «первоначальный взнос» деген бар, соған көп адам ақша жинай алмайды.
- Қазір жас отбасылар көбейіп жатыр. Демография өсіп келеді. Неге сол жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын жеңілдетпеске?
- Жастар көбіне кезек арқылы алады, бірақ соларға қолдау көрсетіп, бағаны арзандатса дұрыс болар еді.
- Үй қолжетімді болса жақсы ғой. Барып құжат өткізгенде «отказ» бермеу керек. Әсіресе жастарға. Егер жастар үйлі болса, жұмыс істейді, елден кетпейді ешкім.