Ел арасында Жанка палуан атанған белгілі тойбасшы, тақымды шабандоз өмірден өткен арда азаматтардың рухына арнап ас көкпарын ұйымдастырды. Әуелі дастархан жайылып, Қайып Молдадосұлы мен Мұрат Қайыпұлының әруағына құран бағышталды. «Өлі разы болмай – тірі байымайды» - деген ұйымдастырушылар баба аманатына, адалдықты көздейді.

Болат Молдадос  – ұйымдастырушы

Ұлттық спорттың айшықты көрінісі осы көкпарда байқалды. Жүлде қоры да қомақты додаға әр аймақтың кіл мықтылары жиылған. Екі түйе, бір автокөлік және 5 млн теңге. Бұл бүгінгі шарада шабандоздарға бөлінетін телім. Сондай-ақ, өңірімізге белгілі «Назар текстил»-ден әр салымға бір кілемі тағы бар.  Жалпы, жаппай көкпардың талас-тартысқа толы болуына толық негіз бар еді. Сондай-ақ, болды. Білекті мен жүректілер аянып қалмай, серкені тақымға салып, ойынның көркін қыздырды.

Мұхтар Сейілбеков – атбегі

Бекәріп Әбдіразақ –  Ауыл қариясы 

Ат пен шабандоздың сыналатын жері осы көкпар. Ойын тартыс пен  қызыққа толы болғанын көз көрді. Барлық салым салынып, шабандоздар жүлдесіз қайтпады. Ұйымдастырушыларға ел ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп тарқасты.

Н. Мұхамеджан