Тимур Варзиловтыің мәлімдеуінше, қалада дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық құрал-жабдықтардың 10 ірі көтерме жеткізушісі бар. Тіркелген 730 дәріхананың 560-ы жұмыс істейді. Онда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Сондай-ақ, қазірде қала бойынша 3860 төсек орын бар, оның ішінде бос төсек-орындар саны 1809. Ауыр дәрежедегі науқастар үшін инфекциялық стационарларда 60 реанимациялық төсек-орын, провизорлық стационарларда 91 төсек-орын бар. Сондай-ақ қаладағы емханаларда қосымша 628 төсек-орын күндізгі стационар ұйымдастырылған. Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтар мен 17 шілде аралығында пневмонияның 11035 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 8944 науқас емделген. Ал, емханалардағы ахуалмен танысқан Ресейлік дәрігер Шымкенттік ақ халаттылардың жұмысына оң бағасын берді.
Денис Цветков – реаниматолог/Ресей
Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың станционарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұл тұрғыда барлығы дұрыс. Шымкент қаласындағы ауруханаларда интенсивті терапияны қажет ететін ауыр жағдайдағы науқастар жансақтау бөлімінде ем алуда. Бұған қоса оларға респираторлық терапия бойынша ем жүргізіледі екен. Бұл өте жақсы. Ал, қала тұрғындарына айтарым, ауру басталған сәттен бастап, үйде ем алмай, медициналық көмекке жүгініңіздер.
Перизат Ортай